Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзін ашты": Алматыда жол жиегінен қансыраған күйде табылған баланың жағдайы қандай?

Опубликовано:

Алматыда көлік қағып, жол жиегінен қансыраған күйінде табылған баланың әкесі оның қазіргі жағдайы туралы айтты. Оның айтуынша, бала комада жатқанымен, бүгін көзін ашыпты деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Көзін ашты": Алматыда жол жиегінен қансыраған күйде табылған баланың жағдайы қандай?
Көрнекі фото: ngs.ru: UGC

Мұраттың айтуынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Бір қуантарлығы, ол көзін ашыпты. Дәрігерлер оның үшінші дәрежелі кома жағдайында жатқанын хабарлаған болатын. Ал бүгін оның жағдайы сәл оңалып, екінші дәрежелі комада деп бағаланып отыр.

Дәрігерлер баланың бұл қиындықтан да өтетінін айтуда.

"Балам көзін ашты, жағдайы сәл оңалды", - дейді әкесі.

Сонымен бірге ол ұлына гематоманы алып тастау үшін ота жасалғанын жеткізді.

Мұрат баласын қағып кеткен адамның қайда және не істеп жүргені қызықтырмайтынын айтты.

«Бастысы, балам өмір сүрсе болды. Оны полицейлер іздеп жатыр. Тергеушілер баланың ата-анасы ішеді ме деген сұрақтар қойыпты. Түсінемін, бұл олардың жұмысы шығар. Алайда сонда да жаман екен. Біз жақсы отбасы екенімізді көрмей ме?", - дейді ол.

Сонымен бірге, ол жол апаты болған кезде жұмыста жүргенін жеткізді. Қызметкерлердің бірі оның үй жағынан қансыраған баланы тауып алғаны туралы ақпаратты жеткізіпті. Ол кезде ол туған ұлы болып шығатыны Мұраттың кіріп шықпаған.

"Үйдегілер хабарлап, баламды таба алмай жатқанын айтты. Видеоға қарасам, менің ұлым екен. Сол мезетте есімнен танып қалдым. Балам қан-қан, көкпеңбек болып жатыр", - дейді ол.

Әкесінің айтуынша, бала сол күні үйдің маңында ағасымен бірге ойнап жүріпті. Ағасы оны қалай қаққанын өз көзімен көрген. Қатты шошып қалған бала да қазір психологиялық сооқы алған.

Еске салсақ, елді шошытқан жайт кеше, 16 шілде күні орын алған. Жеті жасар баланы қаққан көлік жүргізушісі оны көрпеге орап, қансыраған күйде жол жиегіне тастап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742750-kzin-asty-almatyda-zol-zieginen-kansyragan-kjde-tabylgan-balany-zagdajy-kandaj/

pixel