Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің солтүстігінде жаңа вирусты індет тарап жатыр

Опубликовано:

Еліміздің солтүстігінде жаңа вирусты жұқпалы індет тарап жатыр. Бұл вирус үй құстарына жабысады екен. Айыртау ауданының Елецкое ауылынан шыққан жұқпалы індеттен санаулы уақытта 500 үй құсы өліп қалған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еліміздің солтүстігінде жаңа вирусты індет тарап жатыр
Көрнекі фото: Про ферму: UGC

Қауіпті індет екі апта бұрын Елецкое ауылының тауықтарынан шыққан болатын. Үй құстары белгісіз жағдайда бірінен соң бірі құлап, қырыла бастағанда ғана зерттеу жүргізген мамандар «Ньюкасл» індетінін жұқтырғанын анықтаған.

Қорадағы тауықтар қауіпті кеселді инкубациялық жұмыртқалардан және ауыл маңындағы мекендеген жабайы құстардан жұқтырған болуы әбден мүмкін. Қазір өңірде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, қалған 1500 тауыққа екпе егіліпті.

Енді ондағы құстардың жұмыртқасы мен етін термикалық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана пайдалануға болады екен. Ал карантин 5 тамызға дейін созылады. Мамандар індет қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

"Ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес аталған індетпен қырылып қалған тауықтардың өтемақысы төленбейді. Жақын маңдағы барлық ауылдарды тексеріп шықтық. Ондай індет анықталмады", - дейді мамандар.

Айтпақшы, «Ньюкасл» деп аталатын індет, ең бірінші рет 1927 жылы Ұлыбританияның Ньюкасл қаласында анықталғанын айта кетейік. Тауықтарда ғана кездесетін індетке, сәйкесінше осы атау берілген екен. Қазақстанға Азия елдерінен тарап отыр. Вирус негізінен тауықтардың ішек-асқазан, тыныс алу жолдарын зақымдап, құстардың қырылып қалуына әкеледі. Бірақ адам өміріне қауіпі жоқ екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742752-elimizdi-soltstiginde-zaa-virusty-indet-tarap-zatyr/

pixel