Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол сақшысына пара ұсынған жүргізуші сот алдынан бір-ақ шықты

Опубликовано:

Жол ережесін бұзып, сақшыға пара ұсынған жүрізуші сотқа жауапкер ретінде тартылды. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының әкімшілік соты 336 700 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Бұл туралы Tumba.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: tumba.kz
Сурет: tumba.kz: UGC

Оқиға Ақтау-Жетібай автожолының 16-километрінде болған екен. "Газель" автокөлігінің жүргізушісін жол сақшысы тоқтатқан еді.

"Әкімшілік жазадан құтылып кету үшін жүргізуші жол сақшысымен келіспек болған. Ол оған 2000 теңге көлемінде пара ұсыныпты. Көмектеспеді. Материал арнайы құзырлы органға түбегейлі шешілу үшін берілді. Нәтижесінде хаттама толтырылып, сотқажөнелтілді", - деді құзырлы мекеме өкілдері.

Сот ер адамның жағдайларын, оның жұмыссыз екенін ескеріп, жеңіл жаза тағайындады. Ол енді 336 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

"Осындай жағдайдан кейін әркім өзіне тиісті сабақ алуы керек. Барлығы заң мен соттың алдында бірдей", - деді Этика кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742778-zol-saksysyna-para-syngan-zrgizusi-sot-aldynan-bir-ak-sykty/

pixel