RU
Ернар Айдар сахнаға шығу үшін киімдерін қарызға тіктіргенін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар сахнаға шығу үшін киімдерін қарызға тіктіргенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал "хит" әндердің орындаушысы Ернар Айдар жақында өткізген жеке концертіне арналған киімдерді қарызға тіктіргенін мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ернар Айдар. Фото: Timba.kz

Ернар Айдар. Фото: Timba.kz

Әнші өзінің бұл құпиясын "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді.

"Бұл жерде ақталмай турасын айтайын. Мұндай концерттерден ешқандай пайда келмейді. Кейде, тіпті, қарызға батырып жататын кездері де болады. Мысалы, мен барымды аямаймын. Киімдерге де көп ақша жұмсап, барынша жаңа әндер орындауға тырысамын.

Жарты жылға жетпей Астана қаласында қайтадан ән кешін беріп жатырмын. Ол да оңайға соқпайды. Себебі, қомақты қаржы кетеді. Арендасы бар. Оның үстіне киімдердің барлығын қарызға тіктірдік. Тігіп жатқан адамның өзіміздің танысымыз екені жақсы болды. Оған ақшаны міндетті түрде қайтарамын", - деп әнші жан сырымен бөлісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
0
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel