Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов жұбайымен бірге маржан тойын шетелде қалай өткізіп жатыр?

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов пен жұбайы Айған Жолдасова отасқандарына 35 жыл толуына орай шетелде саяхаттап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда концерт берген Жолдасовтардың отбасына өнер мен өмірдегі достары тосынсый жасап, шетелге жолдама сыйлаған екен. Енді міне отасқандарына 35 жыл толған танымал жұп Түркия елінде қыдырып жүр.

Сурет: instagram/aigan_zholdasova
Сурет: instagram/aigan_zholdasova: UGC
«Достығымыз жарасқан Қанат-Света Айтбаевтар шашбауымызды көтеріп, тілектерін айтып, концертімізге атсалысты. Ұлықпан екеуімізге отасқанымызға 35 жыл толуына орай шетелге жолдама сыйлады», — дейді Айған Жолдасова.
Сурет: instagram/aigan_zholdasova
Сурет: instagram/aigan_zholdasova: UGC

Бірнеше күннен бері Жолдасовтар әлеуметтік желідегі парақшаларында саяхат кезінде түскен суреттерін бөлісіп жатыр. Парақшаларында көрсетілгендей, олар Түркияның Анталья провинциясындағы Алания қаласында жүр. Әзірге саяхаттарының қанша күнге ұласатыны белгісіз. Ал әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде жұпқа ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Сурет: instagram/aigan_zholdasova
Сурет: instagram/aigan_zholdasova: UGC

Сурет: instagram/aigan_zholdasova
Сурет: instagram/aigan_zholdasova: UGC

Сурет: instagram/aigan_zholdasova
Сурет: instagram/aigan_zholdasova: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742875-lykpan-zoldasov-zbajymen-birge-marzan-tojyn-setelde-kalaj-tkizip-zatyr/

pixel