RU
Алаңда өлуге бармын: Поль Погбаның жігерлі сөздері желіні шарлап кетті (видео)

Алаңда өлуге бармын: Поль Погбаның жігерлі сөздері желіні шарлап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Футболдан Франция құрамасының ойыншысы Поль Погбаның Аргентинамен ойын алдында командаластарын қалай жігерлендіргені белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

«Жігіттер, мен алаңнан нағыз жауынгерлерді көргім келеді. Үйге қайтқым келмейді! Біз финалдағы соңғы ысқырық естілген соң бақытты боламыз! Бүгін тойлағым келеді! Мен сендермен бірге алаңда өлуге бармын! Маған нағыз жауынгерлер, нағыз еркектер, нағыз сарбаздар керек!», - деді Погба.

Сондай-ақ, Поль Аргентинаның үздігі Месси туралы да айтты.

«Месси ме, Месси емес пе, маған бәрібір! Біз алаңда оларды «жыртамыз»! Біз сайтан алғыр Кубокті ұтуға келдік!», - деді Погба.

Поль Погба мен Франция құрамасы Аргентинаны 4:2 есебімен ұтып, әйгілі Мессидің командасын үйіне қайтарған еді.

Финалда француздар Хорватияны ұтып, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
26
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel