Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық комедия актері мезгілсіз қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Танымал әзілкеш Нұртас Адамбай өзімен әріптес болған отандық актер Бауыржан Оралбековтың өмірден өткенін мәлімдеді. Ол өзінің Instagram парақшасында қаралы оқиғаға қатысты жазба қалдырып, марқұмның жақындарына көңіл айтты деп жазады NUR.KZ.

Бірқатар отандық фильмдерде бой көрсеткен Бауыржан Оралбеков 17 шілдеде түнгі уақытта қайтыс болған.

Марқұмның көңілді тапқыштар клубы мен кино саласындағы әріптесі Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде қаралы хабарды жариялап, Бауыржанның отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, ол марқұм жайлы өз естеліктерімен де бөлісті.

"Бүгін түнде мені бәрінен де жақсы түсінетін ең жақын досым, ағам бола білген Бауыржан Оралбеков қайтыс болды.
Бәке бұл қалай болғаны? Ешкім сенің қазаңа сене алар емес. Мен әркез сенің нақыл сөздерің мен кеңестеріңді естен шығармаймын. Соңғы көріскенімізде мен сенен бақыттысың ба деп сұрағанымда, сен бақыттымын деп айтқансың.

Біздің достығымыз жайлы айтқан әрбір сөзің есімде. Мен жазып отырып, сені енді көрмей, дауысыңды естімейтініме сенбейбін.

Осы демалыста саған қонаққа баруды жоспарлап отырғанмын. Енді сен ақтық сапарға аттандыруға бара жатырмын. Бұл қалай болғаны?

Сенімен таныс адамдардың барлығы сенің қандай ақкөңіл болғанынды жақсы біледі. Мен сенің отбасыңа көңіл айтқым келеді.", - деп жазған Нұртас Адамбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742917-kazakstandyk-komedia-akteri-mezgilsiz-kajtys-boldy-foto/

pixel