RU
Атышулы Әліби ісі: Қайрат Жамалиев ақыры бостандыққа шықты

Атышулы Әліби ісі: Қайрат Жамалиев ақыры бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

"Әліби ісінің" басты фигуранты Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әліби ісі: Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты

Әліби ісі: Қайрат Жамалиев бостандыққа шықты

Оның өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылған.

"Қазіргі уақытта Жамалиев Қ.С. ҚАЖ мекемелерінде есепте жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 3-бөлігіне сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының шешімімен қалған өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылды", - деп хабарлады ҚАЖК өкілдері ресми сауалға берген жауабында.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұлов есімді жас жігітті соққыға жыққаны үшін 2015 жылдың тамызында 13 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сот оның барлық мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарған. Оның ішінде ЖШС-дағы үлесі, банктегі есепшоттары және бірнеше көлік бар.

Кейін Қайрат Жамалиевтің өтінішімен кассациялық инстация жәбірленуші Әліби Жұмағұловтың пікірін есепке ала отырып, сотталушының әрекетін басқа бапқа ауыстырған.

Осылайша Жамалиевтің жаза мерзімі 13 жылдан 7 жылға азайтылған.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel