Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұсылман адам кино көруде қандай талаптарды ескеру керек?

Опубликовано:

Мұсылман қауымын кейде дінге қатысты түрлі сауалдар мазалап жатады. Соның бірі шаршағанда, бос уақыт болған кезде таптырмайтын хобби кино көру. Осы орайда islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ кино көреуде әр мұсылман ескеруі тиіс жайттарды назарыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: mygazeta.com
Көрнекі фото: mygazeta.com: UGC

Басылымының мәліметінше, жалпы кино көрудің күнәсі жоқ. Мейлі ол жергілікті кинолар болсын, мейлі шетелдік болсын, пайдалы киноларды көрудің зияны жоқ.

Тек, мына талаптар ескерілуі тиіс:

Бірінші, фильм көру намаз, ораза сияқты құлшылықтарды ойдағыдай орындауға кедергісін келтірмеуі тиіс. Егер, намазды қаза етуге алып келсе, немесе мәкруһ уақытқа шейін кешіктіру сияқты немқұрайлылық тудырып жатса, фильм көру күнә болмақ.

Екінші, отбасылық міндеттемелерді атқаруға кедергі жасамауы тиіс. Жұмысына немесе оқуына зияны тимеуі ләзім.

Үшінші, фильмде түрлі харам және анайы-арсыз сахналарға орын берілмеген болуы ләзім.

Төртінші, фильмде дінімізді жамандайтын, әдепсіздікке баулып, иманымызға кері әсерін тигізетін тақырыптар қозғалмаған болуы керек.

Бесінші, бүкіл уақытын кино көруге жұмсау — мәкрүһ. Одан гөрі, кітап оқу, нәпіл намаздар оқу, Құран аятын жаттау, спорт жаттығуларын орындап дене шынықтыру, таңдаған саласында ілгерілеу деген сияқты өз-өзін рухани әрі интеллектуалды тұрғыда дамытуға көбірек ден қойғаны абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742973-msylman-adam-kino-krude-kandaj-talaptardy-eskeru-kerek/

pixel