Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзегімді өртеп бара жатыр": Жұлдыздар Денис Теннің қазасына қайғыруда

Опубликовано:

Қазақстандық жұлдыздар мезгілсіз қаза болған Денис Тенге жантебірентерлік жазбаларын арнауда. Бүгін ғана жарқылдап жүрген спортшының қазасына ешкім сене алар емес деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас:

Өмірдің ғажабы болып келіп, азаппен өліп кеткенің өзегімді өртеп бара жатыр. Мына суық xабар жүрегімді ауыртты. Елімнің мақтанышы болған, көк туымызды көкке көтерген, жадырап-жайнап жүретін Денис енді жоқ. Алланың берген ғұмыры біреуге көп, біреуге аз. Жаратқан жәннәттан орын берсін алтын бауырым

Мөлдір Әуелбекова:

Алла алдыңнан жарылқасын... Баршамызға ортақ қайғы... Ата-ана, ағайын-туыс, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз... Өкінішті... Қош бол...

Жанар Дұғалова:

Өмірімде кездескен ең интеллигентті, ақылды, жүзі жарқын адам еді. Жанын жәннәтта болсын

Сәкен Майғазиев:

Қазақстанның мақтанышы Денис Тен дүниеден озды. Қатыгездерге сөзім жоқ. Жаратушы ием! Жанын жәннәтта ете гөр.

Актриса Аружан Жазылбекова:

Мен ешқашанда мұндай адамды кездестеріген емеспін. Онымен өмірінде бір рет жолығып қалған адам дәл осылай айтады. Сені танығаным үшін рақмет. Сені сақтай алмағанымыз үшін кешір

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743158-zegimdi-rtep-bara-zatyr-zldyzdar-denis-tenni-kazasyna-kajgyruda/

pixel