Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлды қорғай алмаған еліне күйінді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген қазақтың атын әлемге танытқан Денис Тенге арнап жазба жазып, елді жылатты. Көк туды желбіретіп жүрген мәнерлеп сырғанаушы 25 жасында кісі қолынан қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сен жайлы жоқтау жазамын деп ойламадым. Сен менің ағамсың, досымсың! Мына өмірмен ерте қоштасқаның өкінішті. Сен өміріңнің бәрін елдің атын шығаруға арнаған азаматсың! Жатқан жерің жайлы болсын! Екеуміздің соңғы рет сөйлескенімізді ешқашан ұмытпақ емеспін", - деген әнші Денистің өмірін қиған азаматтарға деген өкпесін де жеткізді.

"Қазақтың намысын қорғаймын деп жанын салған, барын салған мақтанышымызға бір қазақ көмектеспек түгілі... Оның өз қазағымыздың қолынан қаза тапқанына сене алар емеспін! Атымызды әлемге танытқан саусақпен санайтындай аз ғана майталмандарымыздың қадірін біліп, қорғап жүрсек болар еді ғой. Екі сөзіңнің бірінде "Қазақстаным", "Менің қазағым" деуші едің. Сен ешқашан сөнбейтін жұлдызсың. Өзегім өртеніп барады", - деді Димаш Құдайберген

Айта кетейік, Денис Тенді көлігінің айнасын ұрламақ болған екі азамат пышақтап кеткен болатын. Ауруханаға жетемін дегенше үш литрдей қан жоғалтқан азаматтың өмірі үшін дәрігерлер күрескенімен, аман сақтап қала алмады. Мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Денис Тен 25 жасында өмірімен қош айтысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743191-dimas-kazakty-madajyna-bitken-birtuar-ldy-korgaj-almagan-eline-kjindi/

pixel