RU
Денис Теннің өлімінен соң Димаштың тыңдармандары әншіге елден кетуді ұсынды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Денис Теннің өлімінен соң Димаштың тыңдармандары әншіге елден кетуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Кісі қолынан қапияда қаза тапқан Денис Теннің өлімінен соң, Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары әншіге елден кетуді ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан алынды

Димаштың тыңдармандары оқыстан болған қазадан қатты қорқып қалғанын, енді әншінің өмірі үшін де алаңдайтындарын жасырмады.

"Димаш досың үшін қайғырып, көңіл айтамыз. Бұл Қазақстан үшін орны толмас қаза. Енді сен де өзіңе абай болшы", "Димаш, шетелден келмеші", "Өзіңе абай бол, Димаш", "Біз сені жақсы көреміз. Өзіңді сақта", "Димаш Қазақстанда қалмағаның абзал. Әйтпесе, кім біледі?! Сенің амандығың маңызды" деп жанашырлық танытты оқырмандары.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген өзінің бауыры секілді болып кеткен Денис Теннің қазасына қатты қайғырып, оны сақтай алмағандарға өз күйінішін жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз
15
7
8
11
1
24
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel