Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өліміне қатысы барлар оның танымал спортшы екенін білмеген болып шықты

Опубликовано:

Әйгілі спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер оның шын мәнісінде кім екенін білмеген болып шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов
Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов: UGC

Департамент басшысы екі күдіктіні тұтқындау шарасы туралы айтып берді.

Тұтқындалушылар қаржы тапшылығынан көлік айнасын ұрлауға бағытталған.

Тергеу мәліметінше, Арман Құдайбергенов танмыал спортшыға екі пышақ жарақатын жасаған.

"Олар Денис Тенге шабуылдағандарын білмеген. Оқиғадан кейін күдіктілер екіге бөлініп кеткен. Сол себепті оларды бөлек тұтқындадық. Құдайбергенновты көшеден ұстадық. Олар Денис Тенді өлтіргендерін интернет желісінен білген", - деп айтты департамент басшысы.

Айта кетейік, Денис Теннің өліміне қатысы бар екі күдікті де тұтқындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743374-denis-tenni-limine-katysy-barlar-ony-tanymal-sportsy-ekenin-bilmegen-bolyp-sykty/

pixel