RU

Денис Тенді өлтіргенін мойындаған күдікті сот залында жылап жіберді

Танымал спортшының өліміне қатысы бар күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов Алмалы аудандық сотында жылап жіберді. Ол Дениске пышақ сұқпағанын айтып көз жасын тыя алмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Теннің өліміне қатысы бар Нұралы Қиясов
Денис Теннің өліміне қатысы бар Нұралы Қиясов: UGC

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жеткізілген күдіктінің орташа білімді әрі жұмыссыз екені анықталды.

Судьяның сұрақтарына жауап берген Қиясов көз жасын тыя алмады. Ол Денис Тенге пышақ сұқпағанын айтып жылап жіберді. Айтуынша. ол тек қарап тұрған.

Айта кетейік, спортшының өліміне қатысы бар күдіктілердің екеуі де тұтқындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1743376-denis-tendi-ltirgenin-mojyndagan-kdikti-sot-zalynda-zylap-ziberdi.html