RU
Қостанайда 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының Затобол кентінде 18 жастағы Дарья Махартова үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған деп хабарлайды alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: wallhere.com

Фото: wallhere.com

Анасының айтуынша, қызы жақында спортпен белсенді айналыса бастаған.

20 шілде күні сағат 22-00-дер шамасында Затобол кентінен Қостанайға қарай жүгіруге шыққан қыз содан қайтып оралмаған.

"Ол маған су жылытып қой, көп ұзамай келем деген болатын. Мен алдында мүмкін жол бойы біреуді кезіктіріп қалған шығар деп аса қобалжи қойған жоқпын. Өйткені ол Мәскеуде оқитын, мұнда жақында ғана келген. Алайда түнгі 03-00-дер шамасында үрейлене бастадым. Барып арыз жаздым. Иісшіл ит тек бағдаршамға дейін ғана иіс алды. Дашаның телефоны өшкен жоқ болатын. Телефон арқылы оның "West" клубына қарай кеткенін білдік. Полиция қонақүйді тексергенімен ол жерден таба алмады. Жертөлелерді де тексеру қажет па еді?", - дейді қыздың анасы Ольга Покатаева.

Қазір еріктілер орманды алқапты тексеріп жатыр.

Жоғалған қыздың басты белгілері: бойы 1,65 см, орташа бойлы, шашы иығынан төмен түсіп тұрады.

Дарья туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар мына телефонға хабарласа алады. 8-705-328-86-65 немесе 102

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel