RU
Қостанайда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Қостанайда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғыны Дарья Махартованың денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алау

Фото: Алау

18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні кешкісін жоғалып кеткен еді. Спортпен белсенді түрде айнылса бастаған бойжеткен сол күні жүгіруге шығып кетіп, қайта үйіне оралмаған.

Байланысқа шықпаған Дарьяны еріктілер мен полиция іздестіріп, оның денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылып отыр.

Аталмыш оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
14
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel