Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шпекбаев: Мемлекеттік қызметкерлердің тегін баспанаға иек артпағаны жөн

Опубликовано:

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне баспана мәселесін шешуді мемлекеттен күтпей, үй сатып алуға кеңес берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Фото: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: UGC

Үй сатып алуға қамданған жөн екенін айтқан төраға 7-20-25" бағдарламасын белсенді пайдалануға шақырды.

"Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған, жеңілдікпен баспана алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасын белсенді пайдалану керек. Баспана жоқ болса, кеңес уақытындағыдай, мемлекет тегін береді деп күтпеу қажет. Үй сатып алуға қамданған жөн", — деді агенттік басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743465-spekbaev-memlekettik-kyzmetkerlerdi-tegin-baspanaga-iek-artpagany-zn/

pixel