Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пара беруді доғарайық": Танымал продюсер отандастарына үндеу жолдады

Опубликовано:

Отандық продюсер Алуа Қонарова желіге марқұм Денис Тенмен бірге түскен суретін салып, жерлестерін өзгеруге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер ойынша, спортшының өлімі әрбір қазақстандыққа ой салған. Сондықтан мұндай қайғылғы жағдай болашақта қайтадан орын алмас үшін әрбір адам өзінің іс-әрекетін ой елегінін өткізіп, қорытынды шығару керек.

"Өзіміз дәрігерлерге, полицейлерге, тағы басқаларына пара беруді доғарайық. Әйелдерді, аналарды ұруды, зорлық көрсетуді қояық. Балаларға айқайлауды доғарайық. Оларды өмірге әкелуге шешім қабылдағаннан кейін қылмыскерлерге айналмас үшін жанымыз бен жүрегімізді салып, махаббатты сезініп өсуі үшін талпынайық. Ата-анамызды жаманшылықтан, қарттар үйінен қорғайық. Мейірімді болайық. Барлығы өзімізден басталады. Барлық проблема өзімізде", - дейді Алуа Қонарова.

Еске сала кетейік, қазақтың мақтанышы Денис Тен көлігіне жасалған шабуылдан кейін қаза болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743501-para-berudi-dogarajyk-tanymal-produser-otandastaryna-ndeu-zoldady/

pixel