RU
Қызынан айырылған Томирис Байсафаның анасы Денистің өлімін қинала қабылдады
Жаңалықтар Қоғам

Қызынан айырылған Томирис Байсафаның анасы Денистің өлімін қинала қабылдады

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын қызынан айырылған Жанна Ахметова Денис Теннің өлімін ауыр қабылдаған. Томирис Байсафаның анасы өзінің жан тебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанна Ахметова қызымен. Фото: Томирис Байсафаның Instagram парақшасынан алынды

Жанна Ахметова қызымен. Фото: Томирис Байсафаның Instagram парақшасынан алынды

"Денистің өлімі менің жарама тұз сепкендей болды. Тынысым тарылып, әрең қабылдадым. Бәрі қайтадан басталды. Бәрі де менің қызымның қазасынан басталғандай. Таңертең үйден аман шығып кеткен бала қанға бөгіп, дәрігерлер ешқандай шара қолдануға қауқарсыз болып қалды. Ол соңғы сөзін айта алмай кетті. Мен оның анасының жүрегінде не болып жатқанын жақсы түсінемін. Ұйқысыз түндері мен еш кеткен еңбегін, үзілген үміті мен армандарының күл-паршасы шыққанын жақсы ұғынамын. Баласының өлімі анасының өмірін шайқалтып кетті. Бәрінің қайғысы ертең-ақ ұмытылады. Ал ананың қайғысы ешқашан өшпек емес. Мүмкін, ана дүниеде екі періште жолығарсыңдар", - деді Жанна Ахметова.

Айта кетейік, Томирис Байсафа Мәскеудегі оқу орындарының бірінде төртінші қабаттан құлап кеткен болатын. Алайда бойжеткеннің өліміне қатысты іс сол күйі жұмбақ жағдайда қалды. Ал Денис Тен 19 шілде күні Алматының қақ ортасында кісі қолынан қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
14
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel