RU
Ақтауда КВН ойыншысын өлтірген күдіктілер қолға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда КВН ойыншысын өлтірген күдіктілер қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтауда аяғынан пышақ жарақатын алып, қаза тапқан Ақтөбе КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдіктілер ұсталды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Алимбаев. Фото: 24СМИ

Данияр Алимбаев. Фото: 24СМИ

Маңғыстау облысының полицейлері Ақтөбенің КВН командасының әзілкеші болған Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстаған.

Қазір "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Олардың үшеуі де Ақтау тұрғындары.

Айта кетейік, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Әзілкештің артында төрт баласы қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
3
14
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel