Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада полицейлер велосипед теуіп бара жатқан екі баланы қағып кеткен

Опубликовано:

Елордада тәртіа сақшысы жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан екі баланы қағып кетті. Оқиға куәгері интернет желісіне жол апаты орын алған жерден суреттер жариялап жіберген деп хабарлайды kazpress Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден: UGC

Жол апаты Астанада 20 шілде күні орын алған. ІІД-нің мәлімдеуінше, 13 жасар жасөспірім 2009 жылғы баланы велосипедке отырғызып, жаяу жүргіншілер жолымен өткізіп келе жатқан.

"Сейфуллин мен Рахимов көшелерінің қиылысында орын алған жол апатына қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Патрульді көліктің жүргізушісіне қатысты қажетті процессуалды құжаттар жинақталып, әкімшілік полициясының басқармасына жөнелтілген. Енді ІІД процессуалды шешім қабылдауы керек", - деп мәлімдеді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден: UGC

Астана полициясының айтуынша, жол апаты нәтижесінде ешкім зардап шекпеген. Кәмелетке толмаған балалар ауруханаға жүгінбепті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743568-astanada-policejler-velosiped-teuip-bara-zatkan-eki-balany-kagyp-ketken/

pixel