Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лифтіге мінген қызды көрінбейтін елес аяусыз соққыға жықты (видео)

Опубликовано:

Қытайда лифтіге мінген қыз белгісіз нәрсенің соққысына қалды. Оқиғаның барысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Көпшілік орын алған жағдайды түсіне алмай әлек болды деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: скриншот
Фото: скриншот: UGC

Бейнежазбада лифтіге кірген қыздың кенеттен соққыға жығылғаны көрініс тапты. Видеода қыз баланың түсініксіз жағдайда қабырғаға соғылып, жерге лақтырылғаны анық көрінеді.

Желі қолданушылары бұл оқиғада тылмыс күштің барын айтып жарысуда. Көпшіліктің ойынша, лифтіде жалғыз қалып қойған қызды көзге көрінбейтін елес соғып тастаса керек.

Ал кейбірлері қыздың көйлегі қысылып қалып не болмаса лифтідегі белгісіз ақау орын алғанына сенімді болып отыр.

Тылсым күшті зерттеушілердің айтуынша, ғимарат ішіндегі лифтілерде адам баласына сенгісіз оқиғалар көптеп орын алып тұрады. Олар мұндай жерлердің энергетикасы ерекше болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743630-liftige-mingen-kyzdy-krinbejtin-eles-aausyz-sokkyga-zykty-video/

pixel