Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік тұрғындар "өздерін сыған сияқты" көрсеткен Қайрат Нұртасқа ашуланып қалды

Опубликовано:

Шымкенттік тұрғындар талай әнімен хит болып жүрген Қайрат Нұртасқа өкпелі. Айтуларынша, белгілі әнші қаладағы көшелердің бірінде сығанша ән айтып, көшенің жағдайын мазақ етіп кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі тозығы жеткен көшелер
Шымкенттегі тозығы жеткен көшелер: UGC

"Қошқар ата" өзені маңында тұратын тұрғындар әншінің осыдан бір екі ай бұрын тозығы жеткен көшелерде сығанша ән айтып, бейнебаян түсіргенін айтады.

Сол бейнебаянда Қайрат Нұртас көшені сығандар көшесі деп көрсеткісі келген екен. Мұны білген тұрғындардың әншінің әрекетіне өкпелері қара қазандай.

"Қайрат Нұртас келіп, клип түсірді. Сол бейнебаянында төрт қыз бар, ол төрт қыз сығанша киініп, боянып алған. Қайрат Нұртас өлең айтса, қыздар жанында сығанша билейді. Бізді сыған көшеге ұқсатып, көрсетпекші болды. Біз сыған болдық. Сығандар қай жерде болсын қонақтап жүре береді ғой біз сол болдық. Осындай халге жеттік", - деп ашынды зейнеткер Дәмелі Сыздықова.

Тұрғындардың өзі адам шошырлық күйдегі көшенің жөнделгенін қалайды. Алайда он жылдан бері "Қошқар ата" өзені бойындағы үйлер сүріледі деген шенеуніктер мұнда жаңарту жұмыстарын өткізуге құлықсыздық танытып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743699-symkenttik-trgyndar-zderin-sygan-siakty-krsetken-kajrat-nrtaska-asulanyp-kaldy/

pixel