Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Али Оқаповқа туған інісі естен кетпестей сый жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Әли Оқаповтың кеше туған күні өткен болатын. Осындай айтулы күнге орай Мәди Рымбаев ағасына естен кетпейтін сыйлық жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәди Рымбаев ағасы Әли мен әкелері Тасқын бейнеленген портретті сыйға тартқан. Суретке қарап, біраз ойланып қалған Әли алғысын білдіріп, бауырын құшақтап алды.

Ал, Әли болса, туған күндерді онша қатты ұнатпайтынын әрі соңғы жаңалықтарға байланысты көңілінің түсіп кеткендігін өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.

Пікір қалдырған оқырмандар "Бұл ең үздік сыйлық шығар", "Керемет сыйлық", "Әкеңнің аруағы қолдасын", "Тасқын ағамыз Әлидей талантты ұлды тәрбиелеп кетті" деп жазып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1743801-ali-okapovka-tugan-inisi-esten-ketpestej-syj-zasady-foto-video/

pixel