Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ғасырда бір рет болатын Айдың толық тұтылуын тамашалай алады

Опубликовано:

Қазақстандықтар 27 шілдеден 28-не қараған түні ғасырда бір рет қана болатын Айдың толық тұтылу сәтін тамашалай алады. Аталмыш құбылысты тамашалауға Петропавл тұрғындары әзірден бастап қамдануда. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдың тұтылуы. Көрнекі фото: ТСН
Айдың тұтылуы. Көрнекі фото: ТСН: UGC

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовниктің айтуынша, Айдың тұтылуы бес сағатқа созылып, толық фаза ұзақтығы 103 минутқа дейін жетеді.

"Бұл осы ғасырда тұңғыш рет әрі соңғы рет болатын құбылыс. Шамамен сағат түнгі 1.30-да түнгі аспан ерекше кейіпке түседі. Тұтылудың ең шекті фазасы түнгі 2.22-де болады. Ай қызыл түске боялуы мүмкін", - дейді профессор.

Сәл ертеректеу, 27 шілде күні сағат күндізгі 11-де Күн, Жер мен Марс бір сызықтың бойына жайғаспақ.

Елена Чернышованың материалынан аударылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743803-kazakstandyktar-gasyrda-bir-ret-bolatyn-ajdy-tolyk-ttyluyn-tamasalaj-alady/

pixel