Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан мұғалім 7 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Денис Тенді өлтіргендерді жақтап шыққан Батыс Қазақстандық мұғалім жұмысынан айырылып қана қоймай, істі болуы да мүмкін. Полицейлер Шерхан Байзеновтің үстінен "Ұлтаралық араздық тудыру" бабы бойынша іс қозғады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды: UGC

Енді физика пәнінің мұғаліміне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Ал Шерханның жерлестері оны кешіру керек екендігін айтуда.

"Оның мұғалім бола тұра, осындай пікір жазғанын дұрыс дей алмаймын. Ол балаларға білі мен тәрбие беруші. Қазір бүкіл Қазақстанды өзіне қарсы қойып алды", - дейді Белес ауылының тұрғыны Дильнар Шаманаева.

Ақтоты Серікқызының айтуынша, Шерхан белсенді жастардың қатарында екен.

"Оны жерлесім ретінде, ұстаз ретінде жақсы танимын. Ал бұл әрекетке неліктен барғанын түсіне алмай-ақ қойдым. Оның үстінен қылмыстық іс жүргізбей, кешіру керек. Онсыз да осы оқиға оған үлкен сабақ болды", - дейді Белестегі клуб орынбасары Ақтоты Серікқазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743972-denis-tendi-ltirgenderdi-zaktap-sykkan-mgalim-7-zylga-sottaluy-mmkin/

pixel