RU
"Ювентусқа" өткен Роналду "Барсаның" ойыншысын алуды өтініп жатыр
Жаңалықтар Әлемде

"Ювентусқа" өткен Роналду "Барсаның" ойыншысын алуды өтініп жатыр

Рассказать Вконтакте

Жақын арада "Реал Мадридтен" туриндік клуб құрамына өткен Криштиану Роналду бірінші күннен-ақ өз дегенін жасата бастады. Португалиялық жұлдыз жаңа командасы сапында "Барселонаның" футболшысын көргісі келетінін айтты деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Криштиану Роналду италиялық клубтың басшылығын "Барсаның" ойыншысы Андре Гомешті сатып алуды өтініп отыр. Португалиялық шабуылшы өз отандасын қасында көргісі келетінін айтты.

Туриндік командаға өткен Роналду өз дегенін жасатуға ниетті. Әзірге "Ювентус" басшылығы футболшының өтінішіне нақты жауап бере алмай отыр. Оған жұлдызды ойыншының трансферіне кеткен қаржы есебінен орын алған ақша тапшылығы болса керек.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Айта кетейік, Андре Гомешке "Челси", "Арсенал" және "Бетис" сынды командалар да қызығушылық білдіруде.

Футболшы 2016 жылдан бері каталониялық клубтың намысын қорғап жүр. "Барселона" сапында Гомеш 46 ойын өткізіп, үш гол соққан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel