Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түймебаев қарапайым тұрғынның сөзіне жауап ыңғайсыздыққа тап болды (видео)

Опубликовано:

Желіде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қарапайым жұмысшы арасындағы диалогтың видеосы тарап кетті. Жұмысшының медицина туралы пікіріне орынды жауап таба алмай күмілжіп қалған әкім желіде хит болды деп жазады NUR.KZ.

Жансейіт Түймебаев қарапайым тұрғынның сөзіне жауап бере алмай, ұятқа қалды (видно)
Жансейіт Түймебаев қарапайым тұрғынның сөзіне жауап бере алмай, ұятқа қалды (видно): UGC

Видеода Түймебаев журналистер пен облыс тұрғындарының сұрағына жауап беріп, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы пікір білдірген.

Осы сәтте оның сөзін бөлген қарапайым жұмысшыға ол жауап таппай, тосылып қалды.

"1 қаңтардан бастап қазір жаңа заң бар. Ауырып қалған кезде әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша есепке тұрмасаңыз, сізді ешкім қабылдамайды, емдемейді", - деген әкімге тұрғын:

"Бұрыннан емдемейді ғой", - деді.

"Бұрыннан емдемейді ме?", - деп күлді әкім.

"Емдегенін көрмегенбіз ғой", - деді әкімнен жасқанбаған жұмысшы.

Желідегілер әкімнің бұл видеосын талқыға салуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744016-tjmebaev-karapajym-trgynny-szine-zauap-ygajsyzdykka-tap-boldy-video/

pixel