RU
BI Group тендерлерін онлайн ұтып алуға мүмкіндік пайда болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

BI Group тендерлерін онлайн ұтып алуға мүмкіндік пайда болды

Рассказать Вконтакте

BI Group компаниясы 2017 жылдың наурызында BI Partners жобасын іске қосты, яғни серіктес компанияларға арналған электрондық портал мен мобильдік қосымша. Жоба құрылыс холдингінің серіктестерімен өзара тиімді жұмыс жасауы үшін құрылған, сондай-ақ жаңа бизнес-шешімдерді іздестіруге бағытталған.

BI Group тендерлерін онлайн ұтып алуға мүмкіндік пайда болды

Нәтижесі қуантарлық, қазіргі уақытта порталға 9 мыңнан аса серіктес компания тіркелген, тіпті 33 мың келісім шартқа қол қойып та үлгерген. Бұл жаңа онлайн алаңның маңыздылығын көрсетеді.

"Жобаның мақсаты холдинг пен серіктестер арасында тиімді қатынас орнату. Қосымшада барлық жасалған құжаттамалар сақтаулы және оның құпиялылығын қамтамасыз етеді. Екі жақ та құжат толтыруға кететін шығынын азайтып, уақыттарын үнемдейді. Сонымен қатар, серіктестерімізді қағазбастылықтан арылту үшін барлық жұмыс процесін автоматтандыруды қолға алдық", - дейді BI Digital маманы Еркежан Төлеужанова.

BI Group тендерлерін онлайн ұтып алуға мүмкіндік пайда болды

Сатып алу департаментінің директоры Ерсін Салимбаев:

"BI Partners электронды порталының көмегімен мердігер ұйымдар мен жеткізушілер компанияның тендерлеріне қатыса алады. Порталда өткен және өтетін тендерлер туралы, сатып алу, келісім шарт жасасудың шарттары, оған қажетті құжаттар туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, тендерлік құжаттаманы алуға болады: техникалық тапсырма, жоба және т.б. Портал мен мобильді қосымшаның көмегімен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы келісім шарт жасасуға болады.

BI Partners потенциалды және жұмыс істеп жатқан бірнеше тапсырыс берушілерді бір алаңға біріктірді, бұл өз кезегінде бизнес бойынша перспективалы серіктес табуға мүмкіндік береді. Ал серіктестермен диалог орнату үшін порталда «Бизнес-серіктестердің форумы» атты алаң бар, онда өзекті тақырыптар қозғалады, шешім қабылданады. Сонымен бірге, «Жаңалықтар» лентасынан серіктестер өзекті жаңалықтардан хабардар болып отырады".

BI Group тендерлерін онлайн ұтып алуға мүмкіндік пайда болды

Серіктес компания өкілдері, жаңа BI Partners алаңының жұмысты айтарлықтай жеңілдеткенін айтты:

"Біз компаниямен әу бастан жұмыс жасаймыз, бірақ мобильді қосымша бізде әлі жоқ, дереу іске кірісеміз. Бұл біз үшін өте ыңғайлы, кейде іс сапармен жүргенде телефоннан келісімшартқа қол қою мүмкіндігі бар", — дейді «Равиль Опт Торг» ЖШС өкілі Павел Неведомский.

BI Partners – тендерге қатысудың заманауи құралы. Егер сіз BI Group холдингінің серіктесі болғыңыз келсе, дәл қазір BI Group Partners қосымшасын жүктеп алып, өзекті тендерлерді көріңіз. BI Partners ‒ енді бизнес жүргізу бұрынғыдан да ыңғайлы, қолжетімді әрі тиімді болды.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel