RU
Мейрамхана әжетханасында толғағы қысқан әйелді күйеуі босандырып алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мейрамхана әжетханасында толғағы қысқан әйелді күйеуі босандырып алды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та мейрамханада толғағы қысқан әйелді күйеуі босандырып алды. Дүниеге келген нәресте мейрамханада өмір бойы тегін тамақтану сыйлығына ие болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы forumdaily.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүктілік. Көрнекі фото: The Kiev Times

Жүктілік. Көрнекі фото: The Kiev Times

Роберт пен Фэлон емханаға бет алғанымен, жолай мейрамханада тамақтанып алуды ұйғарады. Алайда мейрамхана әжетханасында жүкті келіншекті толғақ қыса бастаған.

"Мен дәл сол жерде босанып қаламын деп ойламадым. Жай әжетханаға бармақ едім", - деп есіне алды ол.

Мейрамхана қызметкері жедел жәрдемге хабарласады. Амалы қалмаған ер адам жедел жәрдем келгенше толғағы қысқан әйелін өзі босандырып алған.

Бұл жайттың куәсі болған мейрамхана ұжымы жаңа туған нәрестеге мейрамханада өмір бойы тегін тамақтануға рұқсат беріп, күтпеген сыйлық жасады.

Одан бөлек нәресте 14 жасқа толғанда мейрамханаға жұмысқа тұра алады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel