RU
Премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Талдықорған тумасы Зарина Нұрланова премьер-министрдің жаңа баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Оған қоса ол Бақытжан Сағынтаевтың баспасөз қызметінің де басшылығына келді деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Зарина Нұрланова 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы «КАЗГЮУ университеті» АҚ және UBIS университетін іскерлік әкімшіліктендіру мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін толық меңгерген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Arna Media Advertising» ЖШС менеджері ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Қазконтент» АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Сондай-ақ, Зарина Нұрланова Еуразиялық интеграция институтын басқарып, ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

!

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
3
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel