RU
Алматыда көлік қаққан бес жасар балаға пластикалық ота жасалады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көлік қаққан бес жасар балаға пластикалық ота жасалады

Рассказать Вконтакте

Көлік жүргізушісінің құрбанына айналған балаға бас сүйегінің ақауын қалпына келтіретін операция жасалынбақ. Алайда, күрделі отаның қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз. Себебі, қатты соққыдан неше күннен бері әзер есін жиған 5 жасар Дінмұхамедтің жағдайы әлі де ауыр болып тұр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtambov.ru

Фото: newtambov.ru

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, пластикалық ота кепілдендірілген тегін көмек аясында жасалынатын болады. Сондай-ақ, бес жасар баланың денсаулығы қалпына келу үшін біраз уақыт керек.

Қазір мамандардың бақылауындағы бала тілге келгенімен, ағзасы өте әлсіреп қалған. Айта кетейік,, бүлдіршінді 10 шақты күн бұрын Шығыс айналма жолының жиегіне шала-жансар қалпында әлдекім кілемге орап тастап кеткен болатын.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргіншілер Дінмұхамедті байқап, оны ажалдан аман алып қалды. Бірақ, ізін суықтан көлік иесі сол күйі табылған жоқ. Полицейлер күдіктімен бірге оқиға куәгерлерін де іздестіріп жатыр.

Оқиғаға қатысты арнайы көлік мамаын жүргізушінің қайда жасырынп жүруі мүмкін екенін айтқан болаты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel