RU
Алматыда "Саламатты әдеттер" марафоны болып өтті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда "Саламатты әдеттер" марафоны болып өтті

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен халықтың денсаулығын жақсарту және әр азаматтың жауапкершілігін арттыру мақсатында ауқымды іс-шаралар бастау алды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Саламатты әдеттер марафоны" акциясы "Be healthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі" ұранымен өтті. Іс шара Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Алмалы ауданы және Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Марафонға қаланың тұрғындары мен қонақтары, медициналық қоғамдастық, спортшылар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Саламатты әдеттер марафоны төрт кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар денсаулыққа аса зиян тұзды тұтынуды шектеді. Екінші станцияда қонақтар суды белгілі мөлшерде ішті. Үшінші кезеңде қатысушыларға жеміс-жидектер ұсынылса, төртінші станцияда қонақтар фитнес жаттықтырушымен қоса флеш-моб биледі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Медицина қызметкерлерінің флешмобы қонақтарды таң қалдырды. Сонымен қатар акция барысында «денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, әрбір адам қан қысымын өлшету мүмкіндігіне ие болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel