RU
Денистің өліміне қатысы бар күдіктінің ауылдастары оның отбасы туралы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Денистің өліміне қатысы бар күдіктінің ауылдастары оның отбасы туралы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Танымал спортшының өліміне қатысы бар күдікті Арман Құдайбергенов Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Оның туып-өскен ауылына барып қайтқан Sputnik Қазақстан тілшісі күдіктінің ауылдаcтары ол туралы не ойлайтынын біліп қайтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Арман Құдайбергенов. Фото: ІІМ

Арман Құдайбергенов. Фото: ІІМ

Жергілікті тұрғындар мәселенің түп-тамыры дүрыс тәрбие бере алмаған отбасында деп бір ауыздан айтты.

Ақай ауылының әкімі ел сүйіктісі Денис Теннің өліміне өз жерлесінің қатысы бар екенін жүрегіне тым жақын қабылдағанын айтты.

"Біздің ауылдағы жас жеткіншектер жақсы тәлім-тәрбие алуда. Кімде-кім шеттен тыс шығып жатса, ақсақалдарға тәрбие жөнінде сабақ алуға жіберіледі", - деді әкім.

Ауыл тұрғындарының барлығы бұл шулы оқиғада өз жерлесінің қатысы барына сене алмаған. Олардың айтуынша, Арманның ата-анасы Ақай ауылында ұзақ тұрмапты. Құдайбергеновтар отбасы Байқоңырға қоныс аударған.

Кіші кезінде Арман Құдайбергенов бұзақылық үшін сот алдына да барған. Анықталғандай, ол өзінің құрдасының ұялы телефонын тартып алып, оны соққыға жыққан. Оқиға тас қараңғыда орын алды.

"Не себепті кәмелетке толмаған Арман түн жарымда үйінде отырмай достарымен кафеде жүрген? Және неге ол өз мамандығы бойынша білім алудан бас тартып, белгісіз ортаға кіріп кетті?" , - деп айтты ақайлықтар.

Ауыл әкімі жергілікті жастар қауымының дамуы үшін бүгінде барлық жағдай жасалғанын айтты. Ол жастардың сапалы білім алып, бос уақыттарын пайдалы өткізу үшін барлығы қарастырылғанын да қоса кетті.

Қазіргі таңда Ақай ауылында 3294 адам өмір сүреді. Олардың ішінде тек қана 35-і ғана жұмыссыз болған. Ресми түрде жұмысқа тұрмағандар қатарында жас жігіттер өте аз болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
3
3
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel