RU
Қарағаныдада көпқабатты үйге кіріп кеткен алып жылан тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағаныдада көпқабатты үйге кіріп кеткен алып жылан тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда екі жарым метрлік сұр жылан тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатына кіріп кетіп, бүтіндей бір отбасын аяғынан тік тұрғызды деп хабарлайды 31 арна.

Жылан. Көрнекі фото: НТВ

Жылан. Көрнекі фото: НТВ

Абырой болғанда, ас үйден шыққан бауырмен жорғалаушы ешкімді шағып үлгермепті. Көпқабатты үйдің алтыншы қабатында тұратын Воронцовтар отбасы екі жарым метрлік жыланның тамақ дайындайтын бөлменің тура ортасында өрмелегенін таңертең байқаған.

Алайда бауырымен жорғалаушының жоғарғы қабатқа қалай келгенін білмейміз деп отыр.

"Жылан шкафтың артында жатты. Бірақ түсін көріп үлгермедім. Бірден құтқару қызметін шақыртуға кеттім", - дейді Андрей Воронцов.

Тоғыз қабатты тұрғын үйде жыланның қайдан жүргенін құтқару қызметкерлері де түсінбейді. Тіпті кезекші топ о баста бұны тұрғындардың қалжыңы деп ойлап қалған. Себебі, жылан қолға бірден түспепті.

"Алғашқы рет бұл тұрғын үйге келгенде жыланды таба алмай қайттық. Пәтер иесі әзілдеп жатыр ма деп ойладық. Сәл кейінірек тағы хабарласты, сол кезде барғанда жыланды анықтадық", - дейді «1355» құтқару қызметінің басшысы Андрей Фридовский.

Зоодүкеніне тапсырылған жылан қауіпсіз болып шыққан. Мамандар түсі сұрлау болып келетін бауырымен жорғалаушының түрін әлі нақты анықтамағандарын айтады.

Сөздерінше, жыланның бұл түрі жоғарыға өрмелемейді екен. Яғни ол үстіңгі қабаттағы көршілерден келуі бек мүмкін деп болжап отыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
1
0
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel