RU
Алматыда Храпуновпен бірге сот алдында кім жауап береді?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Храпуновпен бірге сот алдында кім жауап береді?

Рассказать Вконтакте

26 шілде күні Алматыда Храпуновтар ісі бойынша сот отырысы басталады. Бұл туралы соттың сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Виктор және Лейла Храпунова. Фото: facebook.com/leila.khrapunova

Виктор және Лейла Храпунова. Фото: facebook.com/leila.khrapunova

Оларды жемқорлық қылмыстар жасады, мемлекет мүлкін жымқырды, алаяқтық және өзге де заңға қайшы әрекеттерге барды деп айыптауда.

Мемлекетке келтірілген шығын миллиондаған соманы құрап отыр. Іс бойынша сотталушылар - Виктор және Лейла Харпунова.

Олардан бөлек сот алдында тағы он адам жауапқа тартылмақ: Айяр Ілиясов, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Алтай Қасымов, Айнагүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтанов, Қуандық Бискультанов, Серік Есмұқанов, Абай Сапаров және Яков Заяц.

Еске салсақ, Храпуновтар ісі Алматының қылмыстық істер бойынша сотына 17 шілде күні тапсырылған болатын.

Сол кезде сотталушылар сот отырысына келмесе, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін екені хабарланған.

Бұған дейін олар Астанадағы Ұлттық бюроның тергеуіне келмеген болатын. Ерлі-зайыптылар шамамен он жыл бойы Швейцарияда жасырынуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel