Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ол нағыз құбыжық: Аяусыз өлтірілген 18 жастағы қыздың жақындары қылмыскер туралы өз шындығын айтты

Опубликовано:

Қостанайда аяусыз өлтірілген 18 жастағы Дарья Махортованың жақындары қылмыскер туралы өз шындығын ортаға салды. Олар қандықол азаматтың қылмысты әу бастан жоспарлап келгеніне сенімді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дарья. Коллаж: nur.kz. Фото: instagram.com/mahortova_dasha, ІІД
Дарья. Коллаж: nur.kz. Фото: instagram.com/mahortova_dasha, ІІД: UGC

Марқұмның немере әпкесі Ирина Семенкованың айтуынша, Дарья өте көрікті қыз болатын. Қылмыскер оны көшеде жүгіріп жүрген кезінде ізіне түсіп, торуылдаған болуы мүмкін.

"Адам дайындықсыз мұндай қылмыс жасай алмайды. Ол Дарьяны аңдып, торуылдаған. Мен әлгі оңбағанды... Адамдар осындай қылмысқа барып, кейін рақымшылыққа ілігіп, бес жылдан соң бостандықта тайраңдап жүреді. Мұндай оңбағандар жер басып жүрмеуі керек. Ол нағыз құбыжық", - дейді Ирина.

Студент қыздың зорланған-зорланбағаны әзірге белгісіз. Бүгінде барлық қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Туысқандарының айтуынша, Дарья өткен жылы мектепті бітіріп, Свердловск медициналық колледжіне түскен. Ол бала кезінен дәрігер болуды армандаған екен.

Үздік оқыған ару биге әуестеніп, түрлі байқауларға қатысатын.

Еске салсақ, 18 жастағы Дарья Махартованың мәйіті 22 шілде күні тас жолдың бойында табылған. Бірнеше күн бұрын сыртқа серуендеуге шыққан бойжеткен қайтып оралмайды.

Оның қазасы "асқан қатыгездікпен адамды өлтіру" бабы бойынша қарастырылуда. Қаза болған студент туралы қандай да бір ақпарат бере алған жанға жарты млн теңге сыйақы тағайындалған. Бұған дейін болжамды қылмыскердің фотороботы жария етілді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744204-ol-nagyz-kbyzyk-aausyz-ltirilgen-18-zastagy-kyzdy-zakyndary-kylmysker-turaly-z-syndygyn-ajtty/

pixel