Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионaтында әйгілі Месси сүртінген орамал сегіз миллионға сатылып жатыр (фото)

Опубликовано:

Ресейде футболдан өткен әлем чемпионаты түрлі қызықтарға толы болды. Олар тіпті турнир аяқталғаннан кейін де орын алуда. Мәселен, ресейлік азамат желіде Лионель Мессидің орамалын ғарыштық бағамен сатылымға қойған деп жазады eg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото eg.ru
Фото eg.ru: UGC

Ер адамның мәлімдеуінше, оның сегіз миллионға бағалап отырған орамалымен "Барселонаның" жұлдызы Лионель Месси сүртінген. Ол футболшының Аргентина мен Франция арасындағы ойыны кезінде дәл осы орамалды қолданғанын айтты.

Өзін FIFA бірлестігінің қызметкері деп таныстырған ол бұл заттың расымен Мессиге тиесілі екенін растайтын нақты дәлелдер келтірмеген. Ресейлік азамат аргентиналық шабуылшының орамалын алам деушінің бөліп төлеуіне де келісім беретінін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744206-lem-cempionatynda-jgili-messi-srtingen-oramal-segiz-millionga-satylyp-zatyr-foto/

pixel