RU
Ашуға булыққан мысық иесінің қымбат автокөлігін тас-талқан етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ашуға булыққан мысық иесінің қымбат автокөлігін тас-талқан етті

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Нижний Новгород қаласының тұрғыны ойда жоқта үлкен шығынға тап болды. Жануарлар емханасына бара жатқан ер адамның мысығы босап кетіп, көлік ішін тас-талқан еткен деп жазады bigmir.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com

Аурыңқырап тұрған мысығын ветеринарға көрсетпек болған ер адам 24 мың доллар шығынға ұшырады. Ресейлік азамат бағдаршамның қызыл түсіне жылдам тоқтаған кезде, оның мысығы босап кетіп көлік ішінен түк қалдырмады.

Тар жерде өзін ыңғайсыз сезінген мысық ашуға булығып, иесінің аса қымбат көлігін тас-талқан еткен. Жануарды тоқтату оқиға куәгерлері үшін қиынға түсті.

Оқиғадан кейін көлігін сақтандыру компаниясына апарған ер адам келтірілген шығын мөлшерін естігенде өз-өзіне біразға дейін келе алмаған. Ол бар болғаны мысығын жануарлар емханасына апарып қайтудың осылайша аяқталарын ойламағанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel