RU
Шымкенттің журналист өзіне шабуыл жасалғанын айтып, жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкенттің журналист өзіне шабуыл жасалғанын айтып, жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте журналистке шабуыл жасаған белгісіз ер азамат оған зорлық-зомбылық көрсетпек болған. Белбеуін босатып, шалбарын шешкен күйі тап берген 25-26 жастағы ер адамды құқық қорғау қызметкерлері әлі де құрықтамаған деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: edds.kgo66.ru

Фото: edds.kgo66.ru

Журналистің айтуынша, ол сол маңайды бір айдан бері аңдып жүріпті. Тіпті бір келіншекті де қуалаған екен.

Алайда оқыс оқиға орын алған күні жанұшырған журналист 102 қызметкерлерін шақыра алмаған. Телефон тұтқасын көтермегенімен қоймай, олар оқиға орнына түнгі сағат 23:30-да бір-ақ келген. Ал келіншекке шабуыл күндізгі 19:30-да жасалған.

"5 шілде күні кешкі сағат 19.30 шамасы болатын. Жұмыстан келіп, подьезде 2 қабатқа жеткенде жоғарыдан төмен қарай бір жігіт түсіп келе жатты. Бірақ ол сыртқа шыққан жоқ. Кілт бұрылып, менің соңымнан ерді.

Соңғы бір айдың шамасында оны біздің "домнан" екі рет көргенмін. Бірінде подьезде темекі шегіп тұрғанына ұрысқанмын. Сондықтан түрі есімде қалыпты. 20-25 жас шамасындағы қырма сақалы бар түрікке ұқсайтын жігіт.

Бұрын көргендіктен тұрғындардың бірінің туысы не досы деп ойлап, күдіктенбедім.

Бірақ... Менен озып кетсін деп жай жүрсем, ол да жай, мен тездетсем, ол да асыға жөнелетіні ұнамай қалды. Телефонымды шұқылаған болып тоқтап едім, ол да тоқтады. "Озып кетші" деп айтпаққа бұрыла берсем, әлгі маған шабуылдауға дайын тұр екен. Сөмкем, соткамды қыса ұстаған бойы құстай ұштым. Ол қуа жөнелді. Көршілер естісін деп айқайлап қоямын. Бірақ ол қаймығатын емес. Иыққа қолы жеткенде жұлқылап үлгеріп жатты. Шалбарының белдігін шешіп қойған. Не істеуге келе жатқаны белгілі.

Әлгі түрік тектес бейтаныс мені есігімнің алдына дейін қуып барды. Абырой болғанда үйде балам және інім бар еді. Менің жанұшырған даусымнан есікті ашып, "Не болды, неге айқайладыңыз?" деп сұрап жатыр. 13-те ғана болғанмен, дауыстары жуандап келе жатқан балалар ғой. Қуып келе жатқан қарақшым осы кезде кілт тоқтады.

Әйтпесе жүгіріп келе жатып шешіп үлгерген белбеуімен ұрса немесе қылқындырса, Құдай сақтасын! Айнала жап-жарық, күн батпаған шақта ешнәрседен тайсалмай бұлай шабуылдаған жан ересектер түгел жұмыста, балалар пәтерлеріне өздері кіріп-шығып жүргенде біреуін өлтіріп, екіншісін зорлап кетуден, үйлерін тонап, өртеп жіберуден тайынбайтыны анық.

Мен 102-ге екі рет хабарластым. Участковыйға 5-6 рет звондап жүріп, түнгі 23:30-да зорға шақырып алдық-ау.

Олар келгенше жас балалары күнімен подьезде өз бетінше ойнап, кіріп-шығып жүретін бірнеше отбасыға ескертіп, балаларға абай болуын тапсырдым.

Біздің үйдің жай-жапсарын білетін көршімізге барып одан да сұмдығын біліп тіпті қорқып кеттім. Әлгі мені қуалап жүрген "маньяк" содан тура 1 апта бұрын жоғары қабатта тұратын Д. есімді келіншекті тапа-тал түсте пәтеріне дейін "аңдып" барған. Байғұс келіншек жүкті еді, "баламды тастап қоя жаздадым" дейді. Тіпті ауруханаға да жатып шығыпты.

Анықтағанымыз, ол ешкімнің туысы, танысы емес екен. Оны подьезде бірнеше көрші көрген. Бәрі де "ешкімнің үйіне кірмей, бір айдан бері осы жерді айналшықтап жүреді" дейді.

Белбеуін шешкіш сұм екен, балалардың бірін зорлап кетсе ше? Ата-анасы жұмысқа кетіп, үйлерінде қалатын балалалар, жасөспірімдер бар. Кіріп-шығып ойнап жүреді. Маған, ересек әйелге шабуыл жасаған оның балаларға тиіспейтініне кім кепілдік береді", - деді болған оқиғадан қатты қорқып қалған журналист.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel