Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балабақша маңында әуретті жерін көрсетіп жүрген ер адам алматылықтарды шошытты (видео)

Опубликовано:

Алматы тұрғындарын балабақша маңында әуретті жерін жалаңаштаған күйі жүрген белгісіз ер адам шошытты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ер адам. Видеодан кадр / NUR.KZ
Ер адам. Видеодан кадр / NUR.KZ: UGC

Оқыс жағдай шамамен таңғы 7:40-та Сейфуллин мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Жанар (есімі өзгертілген) балабақшаға қызын алып бара жатқан сәтінде күдікті ер адамды байқап қалады.

"Ол Сейфуллин көшесіне қарай келе жатты. Алыстан көргенде оның жалаңаш екенін ұқпадым. Мені қызыммен көріп қалған ол кері бұрылып, бізге қарай бағытын өзгертті.

Бұрылып қарасам, шалбарын түсіріп тастаған және артымыздан еріп келеді. Мен оны көрдім. Әуретті жерін жалаңаштап алған ол тура біздің ізімізге түскен.

Мен шошыған күйі тез жүре бастадым. Ол да артымыздан тез жүруге кірісті... Баламмен әзер дегенде балабақшаға жүгіріп жеттім", - дейді Жанар.

Сәлден кейін Жанар балабақша тәрбиешісімен сыртқа шығып, әлгі азаматтың балабақша маңында жүрген-жүрмегенін тексереді. Сол сәтте бұл жайтқа тағы бір куәгер табылған.

"Мен бір бойжеткен қатты шошып, дірілдеп тұрғанын көріп қалып, одан не болғанын сұрадым. Ол балабақша маңында жалаңаш ер адам тұрғанын айтты. Мен сол жаққа барып, әлгі азаматты өз көзіммен көрдім.

Ол расымен сол жерде тұрып, тез киінді де, ізін жасырмақ болды. Оны өзге азамат ұстап үлгеріп, мен қасына жүгіріп бардым.

Одан "педофилсің бе?" деп сұрап едім, оның ақыл-есі орнында емес екенін бірден түсіндім. Өзі удай мас. Көліктегі телефонымды алып, оны видеоға түсірмек болғанымда, ол киіне сала қашпақ болды. Нәтижесінде видеоға аздап қана түсіріп үлгердім. Ол болса, ізін жасырды", - дейді куәгер.

Жанар полицияға шағым түсірмек.

"Мен ер адам жай ғана дәрет сындырып жатқан шығар деген ойда болдым. Алайда ол дәрет сындырған болса, жалаңаш жыныс мүшесін жарқыратып, артымыздан еріп жүрмес еді ғой. Қатты шошып қалдым", - дейді Жанар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744218-balabaksa-maynda-uretti-zerin-krsetip-zrgen-er-adam-almatylyktardy-sosytty-video/

pixel