RU
Жемістерді жумай жеген қыздың миы құрттап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Жемістерді жумай жеген қыздың миы құрттап кетті

Рассказать Вконтакте

Жемістерді жумай жеген индиялық қыздың миын құрт жаулаған. Бұл туралы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ru.oxu.az

Фото: ru.oxu.az

Нью-Дели қаласында сегіз жасар қыздың денсаулығы кенеттен сыр бере бастаған. Оның бас сақинасы жиі ұстап, эпилепсиялық талмасы да арта беріпті.

Жеткіншекке дәрігерлер іріңдеген ісік диагнозын қойып, түрлі дәрі-дәрмек жазып берген екен. Алайда қыздың денсаулығы жақсармай, 20 киллограм салмақ косқан көрінеді.

Жарты жылдан кейін ата-анасы қызын басқа дәрігерге апаруға мәжбүр болған. Ол баланың миында құрт қаптап кеткенін айтыпты. Ақ халаттылардың сөзінше, бұл паразиттер жуылмаған жемістен немесе таза піспеген шошқаның етінен болуы мүмкін.

Бүлдіршін берілген дәрілерді қабылдап, артық салмағын тастаған. Қазір ол мектепке барып жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel