RU
Тоғыз айлық баласына он ине тықты деп айыпталған бойжеткен кінәсіз екенін айтуда
Жаңалықтар Әлемде

Тоғыз айлық баласына он ине тықты деп айыпталған бойжеткен кінәсіз екенін айтуда

Рассказать Вконтакте

Тәжістанда 26 жастағы бойжеткен тоғыз айлық баласына он ине тығып, азаптады деген айыппен сотта жауапқа тартылуда. Алайда нәрестенің анасы өзінің кінәсін мойындамай отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нәресте. Көрнекі фото: kabarlar.org

Нәресте. Көрнекі фото: kabarlar.org

Мухайё Каримова баласына ине тықпағанын алға тартты. Ол тергеушілердің қысымынан кейін ғана кінәні өз мойнына алып отырғанын айтуда.

"Олар қоқан-лоққымен кінәні өз мойныма алуға мәжбүрледі. Күйеуімді қайтару үшін балама ине тығуым мүмкін емес. Біз бұл баланың дүниеге келуін алты жыл сарғая күттік", - дейді ол.

Ал тергеушілер әйелді Ресейде табыс тауып жүрген күйеуін өзіне қайтару үшін баланың денесіне он ине тықты деп айыптап отыр. Нәресте бұл жайттан кейін ауыр жағдайға түскен.

Мухайё Каримова күйеуі Ресейде жылына тек бірнеше ай болатынын алға тартып, "күнде қоңырау шалып тұратын күйеуін" қайтару үшін мұндай әрекетке бармағанына сендірді.

Аудан прокуроры тергеу кезінде қысым көрсетілгенін жоққа шығаруда.

Ал дәрігерлер болса, нәрестенің он инені өзі жұтып қою мүмкін еместігін мәлімдеді. Бас сүйегіне, мұрнына, тамағына, кеудесіне және денесінің өзге де жерлеріне дейін жеткен инелердің кейбірі онда үш ай бойы шаншылып тұрған.

Ақ халаттыр әзірге тек алты инені алып шықты, қалған төртеуін біршама уақыт өткеннен кейін ғана ала алады. Себебі, балақай ұзақ отаны көтере алмай қалуы мүмкін.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
7
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel