RU
Түркістан облысында жемқорлық күдігімен аудан әкімі ұсталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Түркістан облысында жемқорлық күдігімен аудан әкімі ұсталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Кazpravda.kz

Көрнекі фото: Кazpravda.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының тергеу департаментіндегілер шенеуніктің ұсталғанын растағанымен, қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

Алайда құзырлы органдағылар кейін болған оқиғаға қатысты баспасөз-конференциясын өткізетіндерін мәлімдеді.

"Шенеунік жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық ақпаратты біз тек прокурордың рұқсатымен ғана көпшілік назарына ұсына аламыз. Бізде ресми брифингтер болады, сонда осы жайлы айтатын боламыз", - дейді департамент басшысының орынбасары Асхат Жұмағали.

48 жастағы Рашид Қайыпжанов Түркістан облысының тумасы.

Мемлекеттік қызметтегі жолын ол Сарыағаш ауданындағы Ақжар ауылдық округының әкімі ретінде бастаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel