RU
Роза Рымбаеваны елден қуғысы келгендер Нағима Есқалиеваның ашуын келтірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаеваны елден қуғысы келгендер Нағима Есқалиеваның ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын "той әншілерін" сынаймын деп сөзге қалған Роза Рымбаеваны әріптесі Нағима Есқалиева жақтап шықты деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева. Фото-коллаж: NUR.KZ

Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева. Фото-коллаж: NUR.KZ

Рымбаеваны Мақпал Жүнісова бастаған өнердегі әріптестерінің барлығы осы ісі үшін айыптаған еді.

Тіпті желі қолданушылары халық әртісіне Қазақстанды тастап кетуді ұсынған.

Бұл сөздерді естіген Нағима Есқалиева жағасын ұстап, Рымбаеваны жақтап шықты.

"Бұл не деген масқара?! Роза Рымбаева қиын кезеңде ауыл-ауылды аралап Қазақстанның туын көтеріп жүрген адам. Бұл не қылған оқырмандар?! Ол Белоруссияның жұлдызы атанады. Лукашенконың қолынан марапаттау алады. "Славян базарында" Қазақстаннан барған жалғыз қазылар алқасы атанады. Оған "Қазақстанды таста" деуге қалай ауыздары барады?", - деді ашуланған Есқалиева.

Айта кетейік, Роза Рымбаева Ернар Айдарды "той әншісі" деп атап, көптеген әншілердің наразылығын тудырған болатын. Тіпті халық әртісіне Ернар Айдардың өзі де жауап қайтарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
20
7
2
3
2
51
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel