RU
Ұмытып қалдым: Алматының экс-әкімінің орынбасары Храпунов ісі бойынша жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Ұмытып қалдым: Алматының экс-әкімінің орынбасары Храпунов ісі бойынша жауап берді

Рассказать Вконтакте

Алматыда Виктор мен Лейла Храпунованың ісі бойынша алдына ала тыңдалым өтуде. Айыпталушылар арасында Алматының экс-әкімінің орынбасары да бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Храпунов. Коллаж NUR.KZ (фото time.kz, newsukraine.net)

Храпунов. Коллаж NUR.KZ (фото time.kz, newsukraine.net)

Алматының экс-әкімінің орынбасары не себепті Виктор Храпуновпен бірге сотта айыпталып жатқанын сұрағандарға "мен Храпуновпен бірге емеспін" деп жауап берді.

Ол сонымен қатар ішінара жадынан айырылғанын алға тартқан.

"Бұл 15-20 жыл бұрын болды. Содан кейін 2008 жылы мені автобус соғып, жадымнан айырылдым. Қоғамдық көлік астынан әзер шығып, мүгедектік алғанмын", - дейді Яков Заяц.

Ол 307 баптың екінші бөлігі (Қылмыстық кодекстің ескі редакциясы) бойынша айыпталуда. Экс-шенеунік бұған дейін істі болып көрмеген.

Айта кетсек, айыпталушылар 250 млн доллар көлемінде шығын келтірді деп бағалануда. Істің басты фигуранттары - Виктор мен Лейла Храпунова. Олар қазақстандық соттан Швейцарияда жасырынуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel