RU
Тауда жоғалған 7 жасар бала Қырғызстан шекарасынан іздестірілуде
Жаңалықтар Қоғам

Тауда жоғалған 7 жасар бала Қырғызстан шекарасынан іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

14 шілде күні тауда жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақасты құтқарушылар енді Қырғызстан шекарасына дейінгі аумақтан іздестіріп жатыр. Әлі күнге дейін табылған балақайды іздеу тобына депутаттар мен әкімдік өкілдері қосылған деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ернұр Сәдуақас. Кадр КТК арнасынан алынды

Ернұр Сәдуақас. Кадр КТК арнасынан алынды
Source: UGC

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаевтың мәліметінше әзірге іздеу жұмыстары нәтиже бермей тұр. Алайда құтқарушылар екі бағытқа бөлініп, Ернұрды іздеу аймағын 25 шақырымға дейін кеңейткен.

Сондай-ақ, іздеу шараларына облыс әкімдігінің өкілдері мен екі депутат та қосылған. Ал 15 адам атқа қонып, 40 полицей, әкімдіктің 6 қызметкері белгіленген аймақты сызба бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Иісшіл иттерді жетектеген топ жыра, шатқалдарды араласа, құтқарушы топтың бір бөлігі Қырғызстан шекарасына дейін созылған аумақты тексеруге аттанған.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel