RU
Теміржол бойында ұйықтап жатқан адам полицейдің арқасында аман қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Теміржол бойында ұйықтап жатқан адам полицейдің арқасында аман қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Нью-Джерси штатына қарасты Перт-Эмбой қаласында тәртіп сақшысы пойыз жолында жатқан адамды ажалдан құтқарып қалды. Ер адам теміржол бойында ұйықтап қалған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NewsRoom.ru

Фото: NewsRoom.ru

Перт-Эмбой қаласының полиция бөліміне теміржол бойында белгісіз ер адамның ұйықтап жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына Кайл Савойя офицері жүгіріп келіп, ұйқыдан тұрмай жатқан адамды ажалдан аман алып қалды.

Полицейдің айтуынша, ер адам келе жатқан пойыздың дауысынан да оянбай қойған. Қасына бар күшін сала жүгіріп келген тәртіп сақшысы оны оятып, пойызды тоқтатуға бұйрық берді.

Ұйқыдан оянған ер адам соқтығысуға санаулы метр қалғанда жолдың шетіне шығып үлгерді. Ол өзінің жанын аман алып қалған полицейді жылай құшақтап өз алғысын білдірді.

Савойя ер адамды құтқару үшін 180 метр жүгіріп өткен. Оқиғаны оның төсіне орнатылған арнайы қызметтік бейнебақылау камерасы түсірген.

Тәртіп сақшысының арқасында тірі қалған ер адам ақыр-соңы не себепті қозғалыссыз жатқанын жөнді түсіндіре алмады. Оны бірден жақын ауруханаға жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel