Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүйкесінде ауытқуы бар науқас өз дәрігерін пышақтап өлтірмек болған

Опубликовано:

Ресейдегі Иркутск облысына қарасты Нижнеудинсктің аудандық ауруханасында науқас дәрігер мен медбикеге шабуыл жасады. Ол медицина қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © РИА Новости/Владимир Смирнов
Фото: © РИА Новости/Владимир Смирнов: UGC

Дәрігерлерді пышақтамақ болған науқасты бірден полиция бөліміне жеткізіп, артынша тергеу комитетіне жіберген. Жүргізілген арнайы тексерулер арасында ер адам жүйке жүйесінде ауытқуы бар науқастардың тізімінде болғаны анықталды.

Оқиға 25 шілде күні орын алды. 1967 жылғы ер адам өзін емдеген дәрігер мен медбикеге пышық ала жүгірген.

"Оқиға салдарынан медицина қызметкерлері жарақат алды. Оларға қазір тиісті көмек көрсетіліп жатыр.", - деп мәлімдеді аурухана өкілдері.

Травмотолгия бөліміне жатқызылған дәрігер мен медбикенің жағдайы қанағаттанарлық болып бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1744264-zjkesinde-auytkuy-bar-naukas-z-drigerin-pysaktap-ltirmek-bolgan/

pixel