RU
Шымкентте итін құтқармақ болған спортшы қыз токқа түсіп, көз жұмды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте итін құтқармақ болған спортшы қыз токқа түсіп, көз жұмды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте итін құтқармақ болған жеткіншек суға батып мерт болды. Қайғылы оқиға 15 шілде күні таңғы сағат сегіз шамасында қалаға қарасты "Мирас" шағын ауданындағы су каналында болған де хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Марқұм Валерия Носикова

Марқұм Валерия Носикова

Осы күні 14 жастағы Валерия Носикова итімен су арнасы маңында серуендеп жүрген. Төбет суға түсіп кеткенде жеткіншек итін құтқарамын деп өзі де артынша суға түсіпті. Осы кезде екеуін де тоқ ұрып, мерт болған.

Каналда жатқан жеткіншектің денесін көрген көрші жігіт оны судан шығармақ болғанда, оны да тоқ ұрыпты.

"Канал маңынан өтіп бара жатып судың бетінде жатқан қыздың денесін көрдім. Денесін судан шығару үшін аяғымды батырып суға кіргенім сол еді тоқ ұрды. Кейін қайтып шығып, үлкен кісіні көмекке шақырдым.
Осы кезде судың маңында насос пен судың ішінде электр сымдары жатқан. Егде жастағы кісі судағы электр сымдарын шығарып беріп, судан қыздың денесін алып шығаруға көмектесті", - дейді тоқ ұрған қыздың денесін судан алып шыққан Руслан Абдураимов.
Марқұм жеткіншек көз жұмған канал

Марқұм жеткіншек көз жұмған канал

Оқиға орына келген полицейлер қыздың денесін мәйітханаға алып кеткен. Дәрігерлер берген қорытындыда Виктория Носикованың тоқ ұрып қайтыс болғаны көрсетілген. Бұл туралы жеткіншектің ата-анасы мәлімдеді.

"Дәрігерлер берген қорытынды қызымыздың электр тоғынан қайтыс болғанын айтты. Алғашқыда баламның өлі денесін көріп шошып кеттім. Оқиғаны қызымды судан алып шыққан Руслан деген жігіт айтып берді. Полиция келіп, осы жерде барлығын түсіріп кетті. Арыз жаздық қылмыстық іс бойынша. Бірақ он күннен бері бізге ешкім хабарласып, шақырмады. Бұл жер құпиялы әскери аймақ емес, қарапайым адамдар жүретін қоғамдық орын. Сондықтан бұл жердегі қауіпсіз етуін талап етеміз", - дейді марқұм жеткіншектің анасы Ирина Коваленко.
Марқұм қыздың ата-анасы

Марқұм қыздың ата-анасы

Түркістан облысы ІІД мәлімдетінше, аталған жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel